Ақмола облысында жол апатынан зардап шеккен әйелге медицина қызметкерлері көмек көрсетті

291

Әйел Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

Ақмола облысында жол апатынан зардап шеккен әйелге медицина қызметкерлері көмек көрсетті Фото: Бейнежазбадан

"Астана – Петропавл" автожолында болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен әйелге трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Ақкөл ауданына қарасты Алакөл ауылы маңында, автожолдың 360-шақырымында болған.

Оқиға орнына Макинск қаласындағы трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жетті. ТЖМ медицина қызметкерлері зардап шеккен әйелді көліктен шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Кейін әйел Ақкөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.

ТЖМ жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу