Олардың ішінде алтауы бала, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылардың бәрі - Тәжікстан Республикасының азаматтары. 49 азамат Щучинск қаласының орталық мешітіне жылыту пунктіне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
"Біз Тәжікстаннан Ресейге жол тарттық. – 40 градус аязда біздің автобус жолда қалып қойды. Департаментіңізге, Қазақстан халқына бізді жылы жерге орналастырып, қолдау көрсеткендері үшін рахмет. Осындай суықта бізге көмектескендері, жылы жерге орналастырғандары, тамақтандырғандары үшін Қазақстанға алғыс айтамыз", – деді эвакуацияланғандардың бірі.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан жолдардың жабылуы туралы СМС хабарламалар алған кезде жолға шықпауларын сұрайды. Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы ақпаратты "Darmen" қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.