Ақмола облысындағы бруцеллез шыққан ауылда шектеу енгізілді

445

Ақмола облысына қарасты Новомариновка ауылында ірі  қара  малдан бруцеллез анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілді.  

Ақмола облысындағы бруцеллез шыққан ауылда шектеу енгізілді Фото: NUR.KZ.

Ауылдық округ әкімінің шешімі 14 шілдеден бастап күшіне енді, деп жазады inbusiness.kz.

"Ірі  қара  малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін", - делінген Шұңқыркөл ауылдық округінің шешімінде.

Айта кету керек, осыған дейін бруцеллезге байланысты Қарағанды облысындағы ауылда шектеу енгізілгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу