Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 243-ші шақырымда "Астана – Петропавл" автожолында "Hyundai Elantra" және "ВАЗ-2107" автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал "Hyundai Elantra" көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді, – деді жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары Уәлихан Жүнісбеков.
Қазіргі таңда өңір полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Құқықтық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.
Айта кетейік, жол апаты болған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.