Ақмола облысының 80 жастағы тұрғыны 2,6 жылға сотталды

58

2025 жылдың жазында Ақмола облысы Астрахан ауданының 80 жастағы тұрғыны көлік жүргізіп келе жатып, жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысының 80 жастағы тұрғыны 2,6 жылға сотталды Фото: freepik

Соттың мәліметінше, жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші тиісті орындарға хабар берместен, оқиға орнынан бой тасалаған.

"Астрахан аудандық соты істі қараған соң сотталушы кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін атап өтіп, марқұмның туыстарынан кешірім сұраған.

Жәбірленушілер онымен келтірілген залалды өтеу жөнінде медиация тәртібімен бітімгершілік келісімге келіп, оған материалдық және моральдық талаптары жоқ екенін мәлімдеген.

Сот сотталушының шынайы өкінетінін, кінәсін мойындағанын және жасының ұлғайғанын ескере отырып, көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – делінген ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу