Полиция полковнигі анықтау басқармасының бастығы Қанат Рыспаев пен оның жұбайы учаскелік полиция инспекторы подполковник Анар Рыспаеваға Наурыз Мейрамы биыл ерекше. Көктемнің басты мерекесі қарсаңында полицейлердің қызы - бір жасар Мәрияммен қазақтың ежелгі тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Наурыз Мейрамы мерекесіне орай қалыптасқан дәстүр бойынша ведомстволық мұражайда киіз үй түріндегі арнайы бұрыш безендіріліп, дастархан жайылып, іс–шара қонақтары наурыз көже мен ұлттық тағамдардан ауыз тиді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу