Ақмола тұрғыны есірткі сатқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды

679

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ақмола тұрғыны есірткі сатқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Ақмола облысы Атбасар ауданының 54 жастағы тумасы 53 грамм гашиш сатқаны үшін 7 жыл бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке  сілтеме жасап.

"2021 жылдың шілдесінде ақмолалық полицейлер елорда маңындағы аудандардың аумағында жүйелі өткізу фактілері туралы ақпарат алды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны С.есімді азамат тұрғылықты жері бойынша гашишті өткізу кезінде анықталып, ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Сотталушы сот отырысында кінәсін ішінара мойындаған. Бірақ есірткіні өзі қолданатынын, оны өткізумен айналыспағанын айтқан.

Ақмола облысының полицейлері айыпталушының қылмыстық әрекетін толық дәлелдеді.

Ол ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу