Түркістан облысында жол қауіпсіздігі талаптарын бұзған 42 жастағы жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құқық бұзушылық әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаны зерделеу кезінде анықталған. Кадрда Toyota Alphard көлігінің алдыңғы жолаушысы есікті ашып, денесін көліктен сыртқа шығарғаны көрінеді.
Полиция жүргізушіге қатысты тиісті шара қолданып, автокөлікті арнайы айыптұраққа қойды. Жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция көлік қозғалысы кезінде жолаушының денесін салоннан сыртқа шығаруы оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу