Ақмоладағы 95 автокөліктің жаппай соғысуының себебі белгілі болды

Төтеншеліктер жол-көлік оқиғасынан соң барлық адамды жылыну пунктіне жеткізген.  

Ақмоладағы 95 автокөліктің жаппай соғысуының себебі белгілі болды Фото: zakon.kz

Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уәкішев айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Орталық коммуникациялар қызмет алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысындағы 95 автокөліктің соқтығысу себебі айтылды. 

− Боранды күндері Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері колоннаны алып жүрді, алайда сол жерде бір-бірін басып озуға тырысқан жауапсыз жүргізушілер болған. Барлығы осыдан туындаған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары әлі жалғасуда, – деді А.Уәкішев.

Төтенше жағдайлар министрлігі жол апаты уақытында адамдарды құтқарғанын, эвакуациялау жұмыстарымен айналысқанын айтты. 

− Біздің бөлімшелер үйлесімді жұмыс атқарып, мүмкіндігінше барлық адамды құтқарып, эвакуациялап, жылыну пункттеріне жеткізді. Жолаушыларға жылыну пункттерінен Астанаға және басқа да бағыттарға жету қажет болды, біз оларды пойыздарға мінгіздік, – деді спикер. 

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысындағы жаппай жол апатынан 95 көліктің зақымданғанын хабарлаған едік.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу