– Ауа райы мен жаппай жол-көлік оқиғасына байланысты Ақмола облысының патрульдік полициясы республикалық маңызы бар жолдарда бірнеше автоколоннаны сүйемелдеді. Қазіргі уақытта полицияның бақылауында шамамен мың автокөлік бар, – деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осылайша, жол апаты болған жерден Красный горняк ауылына дейін полиция қызметкерлері қарама-қарсы жолақпен 400-ден астам көлікті сүйемелдеп жеткізді.
Бұл колонна Астана қаласына қарай бара жатыр. Тағы бір колонна Астанадан Ерейментау бағытына қарай жүруде. Үшінші колонна шамамен 350 көліктен құралған және Астанадан Қарағандыға қарай бағыт алды. Бұл көліктердің ішінде 50 жүк көлігі бар.
– Жол апатының алдын алу мақсатында полицейлер жүргізушілермен колоннада жүру ережелері, арақашықтықты сақтау және белгіленген жылдамдықты ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп толықтырды ведомство.