Ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау күшеймек

422

Енді Қазақстан азаматының жеке ақпараты қолды болған жағдайда арнайы операторлар смс хабарлама жібереді. 

Ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау күшеймек

Бұл Мәжіліс бір оқылымда мақұлдаған "Ақпараттық қауіпсіздік туралы" заң жобасында көрсетілген. Жаңа құжатта дербес деректердің айналымы мен оның  сақталуына  мемлекеттік бақылауды барынша  енгізу көзделген. Мұнда тұрғындардың жеке құжаттарының көшірмесін жасауға да тыйым салынбақ. Заң жобасы бойынша жеке деректер қалай қорғалмақ? Қауіпсіздік шараларын жүргізуіге материалдық база дайын ба?

Жаңа заң жобасы дербес деректерді қорғаудың құқықтық базасын қалыптастыруға арналған бұған дейінгі қадамның жалғасы саналады. 3 бөлімнен тұратын құжатты депутат Екатерина Смышляева таныстырды. Оның айтуынша, құқықтық норма операторлармен профилактикалық жұмысты жолға қоюға мүмкіндік береді. Олар жаңадан құрылатын реттеушіге дербес деректердің тарап кеткені туралы хабарлауға тиіс. Бұл жұмыс ақпарат тарап кеткен сәттен бастап 3 күн ішінде жедел жасалады дейді ол.

"Бұл шара ақпараттық жүйе зерттеушілерін ақпараттық жүйе қателіктері мен осалдығын анықтауға тартуға ықпал етеді. Басқарылатын хакерлік бұзу тапсырыс иелерінен келеді, қатынастар арнайы платформалар арқылы ресми түрде жасалады. Барлық жұмыс заң шеңберінде жүргізіледі. Әлемде мұндай платформалар ақпараттық қауіпсіздік бойынша үздік мамандарды тартады", - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.

Заң жобасында "ақ хакерлер" институтын және бак-баунти платформасының қазақстандық нұсқасына құқықтық мәртебе беру көзделген.  Алайда депутататар көлеңкелі жолмен жұмыс істейтін "хакерлерге" заңды құқық беру қасқырға қой бақтырғанмен тең дейді. Ал, депутат Екатерина Смышляева бұл әдіс әлемдік тәжірибеде бұрыннан барын әрі ешқандай қауіп жоқ деп мәлімдеді.

Бүгінде ел тұрғындарынынң жеке мәліметтеріне жауапты ақпараттық қауіпсіздік комитетінде 20 ғана қызметкер жұмыс істейді. Депутаттар мұндай жағдайда мемлекеттік бақылау қиын екенін ескеру керек дейді. Ал, тұрғындардың жеке құжаттарының көшірмесін жасауға да тыйым салуға инфрақұрылымдық жағынан дайын емеспіз дейді депутттар.

"Әсіресе, ауылдық жерлерде әлі күнге дейін интернеттің жоғын білеміз. Тұрғындардың смаортфонмен пайдаланбайтынын білеміз. Сондай-ақ, электронды құжат айналымына әлі көшпегеніде белгелі. Бұл мәселені қалай шешеміз?" - дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден.

"Шынында да қазір Қазақстанда 1432 ауыл мобильді интернетсіз қалды. Интернет 2024-2025 жылдары қосылатын болады. Ал, қалған 928 ауылдар 2024-2027 жыолдар аралығында ВОЗ технологиясы арқылы қосылатын болады. Жеке куәліктің көшірмесін сақтау қажетсіз деп ойлаймын. Керкті ақпаратты сол куәліктен алуға болады", - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков.

Заң жобасында мемлекеттік қауіпсіздік орталығына құқықтық мәртебе беру де қамтылған. Бұған дейін бұл ұйымдар тек нарықта жұмыс істеген. Ал, мемлекеттік ақпараттандыру саласында 350 нысан жұмыс істейді. Бұл орталықтар ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызметі жанынан құрылған болатын. Енді мемлекеттік техникалық қызмет базасында бағдарламалық қамтамасыз етудің жаңа тетіктері іске қосылмақ.  Осылайша, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін күшейту көзделуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу