АҚШ 369 қазақстандықты депортациялайды

263

Жалпы 1,44 миллион адам өз елдеріне қайтарылады. 

АҚШ 369 қазақстандықты депортациялайды Фото: canva.com

Америка Құрама Штаттары Қазақстанның 369 азаматын депортациялайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі елден 1,44 миллион адамды депортациялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің көші-қон және кеден қызметі  (ICE) жариялаған мәліметтерден белгілі болды.

Тізімде Гондурас (261 651), Гватемала (253 413), Мексика (252 044) және Сальвадор (203 822) елдерінің азаматтары көп.

Депортацияға 369 қазақстандық та ілінген. Сонымен қатар өз елдеріне 319 қырғызстандық, 975 өзбекстандық, 149 тәжікстандық және 40 түркменстандық депортацияланбақ.

"Егер азаматтар визасының мерзімі аяқталғаннан кейін елде қалса, ол заңсыз иммигрант болып есептелінеді және депортацияға ұшырайды", –деп хабарлады Ақ үй.

Айта кету керек, осыған дейін АҚШ-та ресми 25 мың қазақстандық бар екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу