АҚШ өкілдері Украина мәселесін талқылау үшін Сауд Арабиясына аттанды

130

Кездесу 18 ақпанға жоспарланған. 

АҚШ өкілдері Украина мәселесін талқылау үшін Сауд Арабиясына аттанды Фото: canva

АҚШ делегациясы Ресей және Украина арасындағы соғысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу үшін Сауд Арабиясына аттанды. Бұл туралы америкалық Axios басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Келіссөздер 18 ақпан күні Эр-Риядта өтеді. 

АҚШ делегациясының құрамында Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц пен президенттің Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф бар.

Ресей делегациясының құрамында нақты кімдер бар екені белгісіз. Bloomberg-тің жазуынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Президенттің көмекшісі Юрий Ушаков және Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин қатысуы мүмкін. Ал келіссөздерді Ресейдің Тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев үйлестіреді делінген.

Украина Президенті Владимир Зеленский 15 ақпан күні бұл кездесуге шақыру алмағанын айтты. Ол 16 ақпанда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. 

Айта кету керек, осыған дейін Дональд Трамп Владимир Путинмен қай елде кездесетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу