Дональд Трамп Владимир Путинмен қай елде кездесетінін айтты

515

Кездесу алаңы ретінде Сауд Арабиясы таңдалып отыр.

Дональд Трамп Владимир Путинмен қай елде кездесетінін айтты Фото: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен алғашқы кездесу Сауд Арабиясында өтетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы Трамп пен Путиннің Украина мәселесін талқылауға арналған алаң болуы мүмкін. Бұл туралы Трамп Ресей президентімен телефонмен сөйлескеннен бірнеше сағат өткен соң Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында айтты.

"Біз Сауд Арабиясында кездесеміз", - деді  Дональд Трамп. 

Ақ үй басшысы сайлау науқанында сөйлеген сөзінде Украинадағы соғысты аяқтауға тырысатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, осыған дейін Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлескенін жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу