АҚШ Гарвард университетінің шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастайды

174

Жақында тиісті шешім қабылданды.  

АҚШ Гарвард университетінің шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастайды Фото: XINHUA

АҚШ Мемлекеттік департаменті бүкіл әлемдегі консулдықтарға Гарвард университетіне қабылданған шетелдік студенттердің виза бойынша өтініштерін қайта қарау туралы нұсқау берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша осыдан бір күн бұрын мұндай өтініштерді қабылдамау туралы нұсқаулықтың күші жойылды.

"Консулдық бөлімдер Гарвард университетінде оқу үшін шетелдік студенттердің визаларын, соның ішінде айырбастау бағдарламаларын өңдеуді қайта бастауы тиіс", – деп хабарлайды "Вашингтон пост".

Айта кету керек, бұған дейін Трамп әкімшілігі Гарвардты шетелдік студенттерді оқыту құқығынан айырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу