АҚШ Қытайда өтетін Олимпиадаға бойкот жариялауға үндеді

913

7 сәуірде АҚШ шетелдік одақтастарымен бойкот жариялау мәселесін талқыламақшы болған еді.

АҚШ Қытайда өтетін Олимпиадаға бойкот жариялауға үндеді Фото: reuters.com

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси халықаралық қауымдастықты Қытайдағы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауға үндеді, деп хабарлайды Inbsiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Пелоси бойкот аясында әлемнің жетекші елдерінің басшылары ҚХР-дағы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартуы керектігін айтты. 

АҚШ-тағы Қытай елшілігінің өкілі Лю Пэнъюй Пелосидің үндеуіне жауап ретінде өзінің Twitter-дегі парақшасында: "Бейжің Олимпиадалық Хартия рухына қайшы келетін және сайып келгенде барлық спортшылардың адал күреске деген құқығына нұқсан келтіретін жайттарға, спортты саясатқа араластыруға қатты қарсы", – деп жазды.

7 сәуірде АҚШ шетелдік одақтастарымен бойкот жариялау мәселесін талқыламақшы болған еді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Нед Прайс Вашингтон Бейжіңдегі ойындарға өзге елдермен бойкот жариялау идеясын қарастырып жатқанын айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу