АҚШ: Майкл Блумберг президенттік сайлауға түсуі мүмкін

1204

Саяси науқан 2020 жылдың наурыз айында өтеді деп жоспарланған.  

АҚШ: Майкл Блумберг президенттік сайлауға түсуі мүмкін

Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрі миллиардер Майкл Блумберг АҚШ президенттігіне Демократиялық партия атынан үміткер болу көздеп отыр. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, ол Алабама штатындағы алғашқы сайлауда өз кандидатурасын ұсыну үшін құжат тапсырмақ. 

Саяси науқан 2020 жылдың наурыз айында өтеді деп жоспарланған. Үміткерлерді тіркеуге бөлінген мерзім жергілікті уақыт бойынша жұма күні аяқталады.

Наурыз айында Блумберг президенттік жарысқа түспейтінін мәлімдеген еді. Кейін миллиардер демократиялық партиядағы бірқатар саясаткерлерге додаға кірісетінін айтқан. Кей сарапшылардың болжамынша, Нью-Йорктің экс-мэрі АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джозеф Байденнің басты қарсыласына айналуы мүмкін.

Айта кетейік, 77 жастағы Блумберг 2002 жылдан бастап 2013 жылға дейін Нью-Йорк мэрі қызметін атқарды. Ол сондай-ақ филантроп және Bloomberg деп аталатын қаржылық жаңалықтар агенттігінің негізін қалаушы ретінде белгілі. Миллиардер АҚШ-тағы ең бай адамдардың бірі саналады. Forbes журналының соңғы дерегіне сәйкес, оның байлығы 52 млрд доллардан асады.

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу