АҚШ мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

823

Қаржы реттеушісі диапазонды қазіргі деңгейде сақтайтынын мәлім етті. 

АҚШ мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені 0-0, 25% деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы қаржы реттеушісінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Комитет федералды қор мөлшерлемесінің диапазонын 0-0,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Еңбек нарығындағы жағдай реттелмейінше, сондай-ақ инфляция 2%-ға дейін өспейінше осы диапазон бекітіледі", – деп жазылған хабарламада.

Алдағы айларда қаржы реттеушісі қазынашылық облигацияларды ай сайын кемінде 80 миллиард долларға, құнды қағаздарды 40 миллиард долларға сатып алу процесін жалғастырады. Федералды резервтік жүйесі COVID-19 пандемиясының экономикалық белсенділікке, жұмыспен қамтуға және инфляцияға кері әсерін тигізіп, АҚШ пен басқа елдердің экономикасына  айтарлықтай қауіп төндіріп отырғанын атап өтті.

Табиғат Нұрболат

Фото: usnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу