АҚШ мұнай қоры 1,1 млн баррельге артты

1087

Осылайша Құрама Штаттардың қазіргі қоры 417,1 млн баррельді құрап отыр. Бірқатар сарапшылар 2,5 млн баррельге қысқаратынын мәлімдеген еді. 

АҚШ мұнай қоры 1,1 млн баррельге артты

Ресми дерекке сүйенсек, осы аптада АҚШ-тағы мұнай өндірісінің қарқыны күніне 12,4 млн баррельге дейін жеткен.
Ал жанармай қоры 0,3 пайызға немесе 0,8 млн баррельге көтеріліп, 229,7 млн баррель болды. Аналитиктер оның 0,5 млн баррельге азаятынын топшылаған еді. 

Мұнай дистиллятының қоры осы аптада 0,4 млн баррельге көбейіп, 136,7 млн баррельді құрап отыр. Бұған дейін 0,5 млн баррельге көтеріледі деп болжанған болатын. 

Айта кететін жайт, елдегі стратегиялық мұнай қоры өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда өзгермеді, яғни 644,8 млн баррель деңгейінде қалды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу