Десе де, Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи АҚШ-пен ядролық келіссөздер жұма күні Оманда ұйымдастырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт келіссөздер Иранмен осы апта соңына жоспарлағанын растады. Ол президент Дональд Трамптың әрдайым алдымен дипломатия жолын таңдауды жөн көретінін хабардар етті.
Сонымен, Вашингтон АҚШ-тың Иранмен жоғары деңгейдегі келіссөздерге Оманда қатысатынын, ал бастапқыда жоспарланғандай Түркияда емес екенін нақтылап өтті. Мұны Ақ үй өкіліне сілтеме жасаған Associated Press ақпарат агенттігі мәлімдеген.
2 күн бұрын Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің сыртқы істер министріне "әділ әрі тең құқықты келіссөздер жүргізуді" тапсырған-ды.
Дереккөздердің, әсіресе жоғары лауазымды дипломаттың мәліметінше, ұсынылып отырған рамалық бағдарламаның негізгі тармақтарына баллистикалық зымырандарды қолдануға шектеу қою және Иранның аймақтағы одақтастарын қаруландыруды тежеу мәселелері де енеді.
Арагчи келіссөздер жұма күні Маскатта таңғы сағат 10:00-де ұйымдастырылады деп жоспарлап отыр. Бұған дейін формат пен өтетін орынға қатысты келіспеушіліктер салдарынан кездесудің өтпей қалуы мүмкін деген де тараған болатын.
– Барлық қажетті шараларды қабылдағаны үшін омандық бауырларымызға алғыс айтамын, – деп жазды Арагчи.