АҚШ пен Қытайдың сауда келісімінен кейін мұнай бағасы көтерілді

1269

Brent сұрыпты мұнайдың бір баррелі 64,35 долларға жетті.

АҚШ пен Қытайдың сауда келісімінен кейін мұнай бағасы көтерілді

Қос тарап сауда келісімінің бірінші кезеңіне қатысты құжатқа қол қойды. Америкалық мұнай қорының көбеюі шикізат бағасына әсер ете қоймады. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 0,6% қымбаттап, 64,35 доллар болды.    

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында ақпандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 35 центке көтеріліп, баррелі 58,16 долларды құрады

Айта кетейік, 15 қаңтарда қос тарап сауда келісімінің бірінші кезеңіне қатысты құжатқа қол қойып, екінші кезеңге дайындықты бастап кетті. Сауда құжатына Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ қол қойған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу