Ұлы көлдерден бастап Мексикамен Америка шекарасы бойындағы Рио-Гранде өзеніне дейінгі кең даланы жайлаған қарлы боран 46 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Inbusiness.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
"Қайғылы жағдай 12 штатта тіркелді: Колорадо, Иллинойс, Канзас, Кентукки, Мичиган, Миссури, Небраска, Нью-Йорк, Огайо, Оклахома, Теннесси мен Висконсин. Әсіресе Нью-Йорк штатының Буффало қаласының маңында аяз ерекше қатты болды, онда 16 адам мұзды бораннан қаза тапты", - деп жазады басылым.
АҚШ-тың "Flightaware" компаниясының мәліметі бойынша, жексенбіде 3,3 мыңнан астам ішкі және халықаралық рейстер тоқтатылды, 11 мыңнан астам рейс кешіктірілді.
Қарлы боран, аязды жаңбыр мен қатты жел Мэннен Сиэтлге дейін электр қуатын өшіріп, жүздеген мың үйлер мен кәсіпорындарды электр қуатынсыз қалдырды. Уақтылы қалпына келтіру жұмыстарына қарамастан, жексенбіде бүкіл ел бойынша 60 мыңнан астам адам электр қуатынсыз қалды, оның ішінде Мэн штатында 34 мыңға жуық адам жарықсыз отыруға мәжбүр.
Бұған дейін АҚШ-та қатты қысқы дауыл туралы хабарланған болатынын еске саламыз. Ауа-райына байланысты елдегі халықтың 60%-ы зардап шегуде.