Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдары бұрын табылған адамның жеке басын анықтағанын ресми түрде растап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ол Қазақстан азаматы Әсет Құралбай болып шықты", – деп мәлімдеді сыртқы саяси ведомство.
Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және Әсет Құралбайдың туыстарымен тұрақты байланыста. Отбасына құжаттарды рәсімдеу және мәйітті елге жеткізу мәселелері бойынша қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр.
Айта кетейік, кеше кешкісін дипломаттар АҚШ-та іздеу жарияланған Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғанын хабарлады.
Туыстарының айтуынша, Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны қолжетімсіз болып қалған. Марқұмның жеке құжаттары мен банк карталары үйінде қалған. Іздеу жұмыстары барысында 10 маусым күні полиция жігіттің жеке көлігі Toyota Camry табылды.