Жарыс шымылдығын хоккейшілер ашты. Дүниежүзілік додаға қазақстандық студенттер қатысады, деп жазады inbuisness.kz.
Еліміздің намысын спорттың 10 түрі бойынша 78 спортшы қорғайды. Ел құрамасы алғашқы кездесуін Оңтүстік Кореямен өткізіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері ойынның алтыншы минутында есеп ашты. Нұрлан Алдияр ерекшеленді. Екінші кезеңнің басында оңтүстік кореялықтар есе қайтарып, ойын көрігін қыздыра түскендей болған. Бірақ қазақстандықтар сол қателіктен кейін қарсылас қақпасына бірден 4 шайба тоғытты.
Айта кетерлігі, қысқы Универсиада 22 қаңтарға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу