"Біз бұл мәселені бақылаудамыз, тыйым салу жағын, әрине, қарастырып жатырмыз. Халықтың телефондарына жүктелген қытайлық қосымшаларға келетін болсақ, Құрама Штаттар бұл тұста тиісті шараларды қабылдайды", – деді Помпео.
Оның айтуынша, TikTok-ке жазылған адамдардың жеке деректерін Қытайдың коммунистік партиясы біліп отырады екен.
TikTok – қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі қысқа видеоларды түсіруге және көруге арналған қосымша. Ол 2018 жылы жарыққа шыққан. TikTok қазір Қытайда қысқа видеолар сегментіндегі үздік қосымша саналады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Үндістан осы қосымшаға тыйым салған болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото: techinfonics.com