Трамп TikTok-ты 15 қыркүйекке дейін бұғаттамақ

736

Сауда келісімінен бұрын Қытайдың әлеуметтік желісі арнайы тексерістен өтуге тиіс.

Трамп TikTok-ты 15 қыркүйекке дейін бұғаттамақ

Егер TikTok-тың иесі яғни қытайлық ByteDance компаниясы 15 қыркүйекке дейін қосымшаны америкалық компанияға сатпаса, бұл әлеуметтік желіге Құрама Штаттар аумағында тыйым салынады. Ақ үй басшысы Дональд Трамп осындай талап қойды. 

Америкалық президент TikTok-ты Microsoft немесе басқа де сенімді жергілікті компанияның сатып алғанына қарсы еместігін білдірді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Трамп қытайлық видео сервисті 2 тамызда бұғаттайтынын мәлім еткен еді. Бірақ бұл күні Microsoft өкілдері ByteDance компаниясымен әлеуметтік желіні сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын жариялады. Бірақ келісімге келмей тұрып, АҚШ-тың ережелеріне сәйкес TikTok толықтай қауіпсіздік аудитінен өткізілмек. 

АҚШ билігі ByteDance америкалықтардың деректерін Қытайға жіберіп, тыңшылықпен айналысады деп айтқан еді. Бірақ қытайлық компания Вашингтон таққан айыпты жоққа шығарып, мұндай әрекеттерді істемегенін және істейметінін де жеткізді.

Табиғат Нұрболат
Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу