АҚШ-тағы ереуілде 11 адам ажал құшты

590

Жүздеген адам әртүрлі деңгейде жарақат алған. 

АҚШ-тағы ереуілде 11 адам ажал құшты

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Қаза тапқандардың дені – афроамерикалықтар.

Оклендте федералды күзет қызметінің өкілі 53 жастағы қара нәсілді ер адам ереуілшінің қолынан қаза тауып, оның әріптесі ауыр жарақат алған. Омахада 22 жастағы афроамерикалық ақ нәсілді ер адамды ұрып жатқан кезде, оққа ұшқан. Құрама Штаттардың бірнеше қаласын шарпыған бас көтеруде жүздеген адам жарақат алды деп жарияланды, дегенмен олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Ресми дерек бойынша, наразылық шарасы басталғалы 4,4 мың адам қамауға алынған екен. Оларға тонаушылықпен айналысты, коменданттық сағатты бұзып, жолдарды бөгеді деген айыптар тағылды. Елдегі жағдайға байланысты шамамен 40 қалада коменданттық сағат енгізілген болатын. 

Еске сала кетсек, 25 мамырда АҚШ-тың Минниеаполис штатында полицейлер Джордж Флойд есімді афроамерикалықты абайсызда өлтіріп алған болатын. Штат прокуроры Флойдты тұншықтырып мерт еткен Дерек Шовин есімді офицерге адам өлтіру қылмысының үшінші деңгейі туралы айып тағады.  Штат заңы бойынша, ол енді 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал қалған үш полицей жұмыстан шығарылған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу