АҚШ тарифтеріне қарсылыққа Канада да қосылды

Франсуа-Филипп Шампань Канада қабылданған шаралар бүгін күшіне енетінін мәлімдеді.

АҚШ тарифтеріне қарсылыққа Канада да қосылды Фото: abcnews.go.com

Бұл елдің автокөлік өнеркәсібіне қатысты АҚШ енгізген тарифтерге жауабы саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Үкімет бұл америкалық тарифтердің мүмкіндігінше тезірек күшін жоюына қол жеткізуге және канадалық жұмысшыларды, кәсіпорындарды, экономиканы және өндірісті қорғауға бел буып отыр, – делінген Қаржы министрі Шампанның сөзіне сілтеме жасалған хабарламада.

Өткен аптада Канаданың Премьер-министрі Марк Карни жариялаған қарсы шаралар аясында АҚШ-тан Канадаға импортталатын, АҚШ-Мексика-Канада келісіміне (CUSMA) кірмейтін барлық көлікке 25 пайыздық баж салығы енгізіледі. Оның арасында Канада немесе Мексикада өндірілмеген, бірақ CUSMA аясындағы автокөлік компоненттері де бар.

"Автокөлік өндірушілер үшін жеңілдіктер жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе Канададағы өндіріс пен инвестицияны ынталандырып, елдегі жұмыс орындарын сақтауға көмектеседі", - деп айтылған-ды баспасөз хабарламасында.

3 сәуірден бастап АҚШ Канададан әкелінетін автокөліктерге 25 пайыздық баж салығын енгізген еді. Канаданың Қаржы министрлігі бұл шара автокөлік саласымен байланысты 500 мыңнан астам канадалыққа әсер ететінін хабарлады. Сондай-ақ, АҚШ 3 мамырда кейбір автокомпоненттерге де 25 пайыздық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 2024 жылы АҚШ-тан Канадаға әкелінген автокөліктердің көлемі шамамен 25 миллиард АҚШ долларын құраған.

Осыған дейін inbusiness.kz тілшісі Трамп саясатының талай елді әбігерге салғанын кең көлемде жазған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу