АҚШ Таяу Шығысқа қосымша мыңдаған сарбазын жібереді

397

Қараша айының соңына қарай Таяу Шығысқа үшінші авиатасымалдағыш арқылы соққы беретін топ пен қосымша теңіз жаяу әскерлері келеді. 

АҚШ Таяу Шығысқа қосымша мыңдаған сарбазын жібереді Фото: REUTERS / US Navy

Бұл туралы The Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап. 

"Пентагон Таяу Шығысқа үшінші авиатасымалдағыш арқылы соққы беретін топ пен теңіз жаяу әскері корпусының қосымша кемелерін бағыттап жатыр. Осылайша аймақтағы әскери қызметшілердің санын 9-10 мың адамға көбейеді", – деп жазады басылым.

USS Theodore Roosevelt авиатасымалдағышы жексенбі күні Сан-Диего портынан шыққаны хабарланды. Бүгінде Таяу Шығыс аймағында USS George H.W.Bush және USS George Washington авиатасымалдағыштары орналасқан. The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, USS Theodore Roosevelt келгеннен кейін USS George Washington бұл өңірден кетіп, Жапониядағы портқа оралуы ықтимал.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның қақтығысты бәсеңдету жоспарын кері қайтарғанын мәлімдеген соң, бұл авиатасымалдағыш арада бірнеше күн өткенде Таяу Шығысқа бағыт алған. Сондай-ақ Трамп 3 қараша күні өтетін АҚШ Конгресіне сайлаудан кейін Иранға соққы беруді қайта жандандыруы мүмкін екенін де айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп енді сот тағайындаған прокурорларды қызметінен босата алмайтынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу