Осы қадамы арқылы 2019 жылдың ақпанынан бері тоқтатылған дипломатиялық қарым-қатынасты жандандырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясынан соң шамамен бір ай өткен соң жасалған.
– Венесуэлаға жаңа ғана бардым. Менің командам жұмысқа кірісуге дайын, – деп жазды Лаура Догу.
Еске салайық, Венесуэланың биліктен шеттетілген президенті Николас Мадуроның шешімімен 2019 жылдың ақпан айында Каракас пен Вашингтон дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатты.
Лаура Догу осыған дейін Никарагуа мен Гондураста елші болған еді.
Айта кетейік, бір ай бұрынғы арнайы операция барысында Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы тұтқындалған болатын.