АҚШ-тың Украина және Ресей жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлогг әскери көмекті қайта жандандырудың шарттарын атады, деп жазады inbusiness.kz сайты УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.
Оның мұны Вашингтондағы Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің пікірталасындағы баяндамасында айтқан.
– Украинадағы соғыс жалғасып жатқан жағдайда Ресейдің оқшаулануын жалғастыру және онымен ешқандай өзара әрекеттестік жүргізбеу енді өміршең немесе тұрақты стратегия болып саналмайды және жауапты дипломатиялық қадам емес, – деді ол.
Ол Трамптың көзқарасы "АҚШ-тың Ресеймен қарым-қатынасты қайта жандандыруы қажет" деген түсінікке негізделгенін атап өтті.
Келлогг Ақ үйде Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында болған келіспеушілікке https://inbusiness.kz/kz/news/vladimir-zelenskij-ak-ujden-shugyl-shygyp-ketuge-mazhbur-boldy қатысты пікір білдірді.
Оның ойынша, бұл жағдай екі көшбасшының мақсатының әртүрлі болуына байланысты өрбіген.
– Зеленский өзін Трамптың Ресейге қарсы ашық түрде қолдағанын қалады. Бірақ Трамп бұл кездесуді бір тараптың екіншісіне үстемдік ету мүмкіндігі ретінде қарастырған жоқ, – деп түсіндірді АҚШ президентінің арнайы өкілі.
4 наурызда Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатуға бұйрық берген еді.
Бұл шешім Ақ үйдегі ашық қақтығыстан кейін Зеленскийге қысымды күшейту мақсатында қабылданған.
Сонымен қатар, АҚШ Украинамен барлау деректерімен алмасуды толықтай доғарды. Бұған әскери нысандарға қатысты мәліметтер, Ресейдің зымырандары мен дрондарының ұшырылымдары туралы алдын ала ескертулер кіреді.