АҚШ Украинаны тағы да тығырыққа тіреді

Енді Украинаға шабуылдар туралы ескертулер бармайды әрі олардың соққы жасауы қабілеті тоқтауы мүмкін.   

АҚШ Украинаны тағы да тығырыққа тіреді Фото: nytimes.com

Бұл туралы The Economist журналисі Оливер Кэрролл X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Америка Киев уақытымен 14:00-де ескерту жүйесінің негізгі байланыс желісін өшірді. Бұған дейін HIMARS үшін нысананы белгілеу деректері тоқтатылды. Сондай-ақ, Украина алыс қашықтықтағы соққылар үшін нақты уақыттағы ақпаратқа қол жеткізе алмайды. "Трамп алғыс естігісі келді" дейді дереккөз. "Біз бұл сөздерді қаза тапқан украиндардың моласына жазамыз", – деді журналист.

Осылайша, АҚШ Украинаға әуе шабуылдары туралы ескерту жүйелерін және HIMARS зымыран кешендері үшін нысананы белгілеу жүйесін өшіріп отыр.

Бұған дейін АҚШ Украинаға Ресейдегі нысандарға соққы жасауға мүмкіндік беретін барлау деректерін беруді тоқтатқан болатын. Десе де, Sky News дереккөзіне сенсек, АҚШ барлау мәліметтерімен алмасуды толық тоқтатпаған көрінеді.

Орталық барлау басқармасының (CIA) директоры Джон Рэтклифф АҚШ алдағы уақытта Украинамен барлау ақпаратын бөлісуді қайта бастай алатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, Дональд Трамп Владимир Зеленскийдің бейбіт процесті қолдайтынына көз жеткізгісі келген.

– Осы мәселе бойынша үзіліс жасайық, мен сізге ойлануға мүмкіндік бергім келеді, – дейді Трамп.

Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қорғаныс министрі Пит Хегсетке Украинаға жіберілмеген барлық әскери техниканы жеткізу процесін тоқтатуды тапсырған-ды. Айта кетейік, бұл шешім – әуе және теңіз арқылы тасымалданып жатқан немесе Польшадағы транзиттік аймақтарда тұрған қару-жарақты да қамтиды деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу