АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттік (DTRA) Ұлттық Ұланға құрал-жабдықтар тапсырды, деп хабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінен.
Құрал-жабдықтар қатарында қарауыл мұнаралары, автомобильдер, снегоходтар, квадроциклдер, радио және спутниктік телефондар, тактикалық жабдықтар және жаттығу құралдары бар. Бұл техниканы Ұлттық Ұлан ядролық реакторлық кешендерді қорғау үшін пайдаланбақ.
Сондай-ақ қашықтықтан білім алуға мүмкіндік беретін 21 орынды компьютерлік зертхана сыйға тартылды.
Аталған іс-шара АҚШ-пен Қазақстан арасындағы 26 жылдан астам ядролық қауіпсіздік саласындағы серіктестік аясында жүзеге асып отыр.