АҚШ вице-президенттігіне үміткер Уолц қарсыласымен дебат өткізуге дайын

232

Пікірталас 1 қазанда өтеді. 

АҚШ вице-президенттігіне үміткер Уолц қарсыласымен дебат өткізуге дайын Фото: РИА Новости

Демократиялық партия атынан АҚШ вице-президенттігіне үміткер Тим Уолц  1 қазанда CBS News телеарнасында өтетін дебатқа қатысуға келісімін берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

"1 қазан күні кездескенше, Джей Ди Вэнс", - деп жазды Тим Уолц әлеуметтік желіде.

Джей Ди Вэнс – республикалық партия атынан вице-президенттікке үміткер.

Осыған дейін CBS News әлеуметтік желілерде Уолц пен Вэнске қыркүйек немесе қазан айында Нью-Йоркте пікірталас өткізу бойынша шақыртуын жариялады.

АҚШ президенттігіне кандидат Камала Харристің сайлауалды штабының өкілі Уолцтың дебатқа қатысуы бойынша келісімін растады.

Айта кету керек, осыған дейін АҚШ президенттігіне үміткерлер – Дональд Трамп пен Камала Харрис 10 қыркүйекте өтетін теледебатта кездесетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу