Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елімізде 19 ақпаннан бастап алтынды шетелге сатуға шектеу қойғанын inbusiness.kz сайты жазған болатын.
Қазір әлемдік нарықтағы бір унция алтынның құны – 3 330 доллар. Бұндай баға бұрын-соңды болмаған. Сарапшылар мұны Трамп бастаған әлемдік соғыстың өршуімен байланыстырады.
Ал Қазақстанда бір грамм алтынның бағасы 55 мың теңгеден асып кетті. Кейбір ірі банктерде ол 60 мың теңгеден сатылып жатыр. Қаржы ұйымдарының бірінде алтын бағасы соңғы бір жылда 62 пайызға дейін өскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу