Ақсу тұрғыны бопсалаушыларға 22 млн теңгеден астам ақша берген

418

Күдікті ретінде Павлодар қаласының үш тұрғыны ұсталды

Ақсу тұрғыны бопсалаушыларға 22 млн теңгеден астам ақша берген Фото: polisia.kz

Ұсталған кезде күдіктілер белсенді қарсылық көрсеткен. Жасырынуға тырысып, олар полиция қызметкерін көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтағандай, соңғы екі жыл ішінде белгісіз адамдар жәбірленушіден ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін бейнежазбалардың таралуына қауіп төндіріп, ірі мөлшерде ақша бопсалады. Жалпы күдіктілер 22 млн теңгеден астам қаражат алған. 

"Арнайы іс-шараларды өткізу барысында Павлодар полицейлері, “Арлан” арнайы бөлімшесінің қатысуымен кезекті ақшалай қаражатты беру кезінде Павлодар қаласының үш тұрғыны қорқыту арқылы ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ұсталған кезде облыс орталығының тұрғындары белсенді қарсылық көрсеткенін атап өткен жөн. Жасырынуға тырысып, полиция қызметкерін көлікпен қағып кетті. Ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу таңдалды. Ұсталғандардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Осы факт бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр",  деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу