Ақсуда темір тұлпар тізгіндеген нәзік жандылар сынға түсті

1414

Аталмыш байқауды алдағы уақытта дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

Ақсуда темір тұлпар тізгіндеген нәзік жандылар сынға түсті

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайының автотұрағында алғаш рет жастар бастамаларын дамыту орталығы және Street Racing Aksu автокубының ұйымдастыруымен "Автоледи-2019" байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар өңірі Ақсу қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға барлығы 9 нәзік жанды қатысқан. Олардың ішінде жас, егде жастағы  және  бес бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана да бар.  

Темір тұлпарды тізгіндеген арулар үш кезең бойынша сыңға түсті. "Леди Автомобиль" бөлімінде сайыскерлер өздерін және безендірген автокөлігін таныстырды. Екінші "Леди Эрудит" кезеңінде жол қозғалысы ережелерін қаншалықты білетіндері тест сұрақтары арқылы тексерілсе, соңғы "Тәжірибелі жүргізуші ханым" бөлімінде көлік жүргізу тәжірибелері  тұрақта фигуралық қозғалыс орындау арқылы практикалық тұрғыдан көлік басқару деңгейі анықталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды 21 жастағы студент Александра Анисимова жеңіп алды.

Екінші орынды Ақсу қаласы № 7 мектептің мұғалімі Фаина Пьянзина, үшінші орынды  Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкері, "Арион"  хаски орталығының иесі, ерікті Регина Анщиц иеленді. "Үздік дизайнерлік безендіру" аталымын "Шаңырақ" автокөлігімен Павлодар ауданы "Заман тынысы" газетінің тілшісі Гүлзат Мейрамова еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қала әкімінің орынбасары Балтабай Каппасов гүл мен бағалы сыйлық және сән салондарына сертификат табыстады.

Айта кетерлігі, аталмыш байқауды алдағы уақытта дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу