Ақсуда жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды

272

Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Ақсуда жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды Фото: Polisia.kz

22 қазанда Ақсу қаласы, Ленин көшесінде ВАЗ-21074 автокөлігінің жүргізушісі, Еңбек ауылына қарай жүріп келе жатып, бұрылыста жолдың сол жағымен келе жатқан 58 жастағы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жүргізуші апат орнынан қашып кетті. “Ұстап алу” жоспары енгізілді. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жүргізушіні ұстады. Ол 41 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сол күні Екібастұз қаласында сағат 22:30-да Абай көшесімен келе жатқан Lada-21144 автокөлігінің жүргізушісі 27 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде кесіп өтті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу