Ақсуда жүк пойызы жылқыларды қағып кетті

345

Павлодар облысында жүк пойызы жылқыны қағып кетті.  

Ақсуда жүк пойызы жылқыларды қағып кетті Фото: rail-news.kz

Сағат 19:13 шамасында Май-Дегелең стансасы арасындағы 200 шақырымында №1284 жүк пойызының, №0084 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, бір жылқыны қағып кетті.

Павлодар облысы желілік полиция бөлімінің мәліметінше, 13 наурыз күні сағат 15.29-да Көктөбе стансасынан 130 шақырымда №2505 жүк пойызының, №0121 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, екі жылқыны қағып кетті. Пойыз 10 минут тұрды.

Сағат 19.13 шамасында Май-Дегелең стансасы арасындағы 200 шақырымында №1284 жүк пойызының, №0084 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, бір жылқыны қағып кетті. Пойыз 12 минут тұрды.

"Ақсу стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында мал иелерін анықтады. Олар Павлодар облысы Май ауданының тумалары, 50 және 49 жастағы азаматтар болып шықты", – деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы  1-бөлігі бойынша теміржолдың бөлінген белдеуінде мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу