Ақтау әкімінің орынбасары Әсет Шопанов тағайындалғаннан кейінгі екінші күні жұмыстан шығып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Күні кеше Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалғанын жазған болатынбыз.
"Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Келесі күні, 4 наурызда ол жұмыстан шықты", – делінген хабарламада.
Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастап, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2018-2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарған.
2020-2022 жылдары аталған облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2022-2024 жылдары сол басқарманың басшысы болған.