Ақтау белсенділері полиция басшысының отставкаға кетуін талап етіп жатыр

828

Мақсұтхан Әблазимовтың отбасы болса, арнайы жаназа өткізбегендерін айтады. Халық өз қалауларымен қоштасу рәсіміне келген.

Ақтау белсенділері полиция басшысының отставкаға кетуін талап етіп жатыр

Шектеулерге қарамастан, қарақұрым халық жинап, анасының жаназасын өткізген Ақтаудың бұрынғы полиция жетікшісінің қылығы, біраз жұрттың ашуын туғызуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Мақсұтхан Әблазимовқа "рұқсат берді" деп тұрғындар да қазіргі басшыны жерден алып, жерге салып жатыр.

Таралған видеоға қарағанда, жаназаға шынында да адам көп жиналған. Көшелер де жабылған. Ал өңірде дәл осы күні, яғни 3 тамызда карантин талаптары күшейтілгені белгілі. Енді қала белсенділері бұған жол берген полиция басшысының отставкаға кетуін талап етуде.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша, марқұмның туыстарына айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылыпты. Материал облыстық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментіне де жолданған. Ал Мақсұтхан Әблазимовтың отбасы болса, арнайы жаназа өткізбегендерін айтады. Халық өз қалауларымен қоштасу рәсіміне келген.

Жаңа ғана белгілі болғандай ішкі істер министрлігі осы дерек бойынша ішкі қызметтік тексеру жүргізетінін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу