Антикор Ақтау қалалық сотының төрағасы қамауға алынғанын растады

297

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Антикор Ақтау қалалық сотының төрағасы қамауға алынғанын растады Фото: әлеуметтік желіден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚПК 550-бабына сәйкес Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған.

Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Бұған дейін Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин қамауға алынғанын ҚР Жоғарғы соты хабарлағананын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу