Ақтау теңіз порты арқылы құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу көлемі артып келеді

1162

Ақтау теңіз порты арқылы құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу көлемі артып келеді

Ақтау портында құрғақ жүктерді ауыстырып тиеу бойынша өсім байқалады. Металлдарды ауыстырып тиеу бойынша 25 %-ға, астық пен паромдық жүктерді ауыстырып тиеу бойынша жұмыс көлемі 2 есеге дейін өскен. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл 9 айда порт арқылы 10 мың автокөлік құралдары тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп.
Жыл басында "Бір терезе" қағидаты бойынша құжаттарды ресімдеудің жаңа тәртібі енгізілді. "Бір терезе" арқасында құжаттарды ресімдеу жұмыстары 2,5 есеге қысқарды (орташа 4 сағатқа). Сондай-ақ, порттарда автокөлік жүргізушілеріне барлық жағдай қарастырылған. Жүктерді өңдеу жұмыстарын оңтайландыру үшін өндірістік процестерді автоматтандыру жалғасуда.
Министр атап өткендей, "Осы шараларды жүзеге асыру арқылы Ақтау портында Каспий теңізіндегі жалпы жүк айналымының көлемін 35 %-ға дейін арттырылады, құрғақ және паромдық жүктерді ауыстырып тиеу көлемінің өсуіне жол ашылады".
2015 жылдың нәтижесі бойынша жалпы жүк айналымында 22%-дық үлеспен Ақтау порты Каспийде көшбасшылық орында қалуда.
Өткен жылы Ақтау портында қуаттылығы 3 млн тоннаны құрайтын 3 құрғақ жүк терминалдарының құрылысы аяқталды. Құрық портында қуаттылығы жылына 4 млн. тоннаны құрайтын паромдық кешеннің құрылысы жүргізілуде.
Нәтижесінде теңіз порттарының өткізу мүмкіндігі 23,5 млн тоннаға дейін жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу