Ақтауда 11 жолаушы стационарға жатқызылды

684

Олардың тиесілі анықтамасы болмаған 

Ақтауда 11 жолаушы стационарға жатқызылды

Ақтау қаласына Стамбулдан ұшып келген 11 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылған.Түнде келіп қонған "Ыстамбұл-Ақтау" бағытындағы рейсте барлығы 94 жолаушы болған. Оның ішінде анықтамасы бар 94 жолаушы үйіне қайтып, 11 адам қаладағы №1 ықшамауданда орналасқан стационарға жатқызылған. Олар ковидке қарсы ПТР тестілеу теріс нәтиже берген жағдайға ғана үйіне қайтарылады.

"Қазіргі күні шетелден ұшып келген барлық азаматтар міндетті түрде термометриядан өтіп, сауалнамаға жауап береді. Мұндай қатаң тексеру теміржолмен, теңіз арқылы, автокөлікпен келгендерге де қатысты", - деді Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев.

Айта кетейік, Ақтау әуежайы халықаралық рейстерден тек осы аталған рейсті ғана қабылдап отыр. Шектеулер карантиндік шаралардың күшейтілуіне сәйкес енгізіліп отыр.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу