Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының қара жәшіктері Қазақстанға әкелінді. Бұл ақпаратты Көлік министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ҚР Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясы ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттарына сәйкес барлық фактілер мен материалдарды егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін алдын-ала есеп жариялайды, онда анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы туралы ақпарат беріледі. Қазақстанға жеткізілген борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді мамандар зерттеп жатыр", – деп хабарлады Көлік министрлігі.
Айта кету керек, осыған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer ұшағының екі "қара жәшігіне" талдау жұмыстары аяқталғанын жазғанбыз.