Ақтауда басына футбол қақпасы құлаған бала қайтыс болды

348

Жасөспірім 7 күн үйінде ата-анасының бақылауында болған.

Ақтауда басына футбол қақпасы құлаған бала қайтыс болды Фото: Ашық дереккөзден

 

Ақтауда басына футбол қақпасы құлаған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жасөспірім 20 мамыр күні кешке қарай 7 шағынаудандағы №9 мектеп жанындағы футбол алаңында достарымен ойнаған.

Ауыр металл қақпа құлағаннан кейін жігіт есін жоғалтқан. Ол Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген.

"Ол естен тану, басының ауырғанынан шағымданды. Баланың жалпы жағдайы түскен кезде бас ми жарақатына, ми шайқалуына байланысты ауыр, бірақ тұрақты болды. Тексере келе, дәрігерлер ауруханада жатып, ем алу қажеттігін айтып, жәсөспірім бала ауруханаға жатқызылды" - делінген мәліметте.

24 мамырда кешке баланың анасы ауруханаға келген. 5-7 күн жатып ем алу керектігі айтылса да, анасы баланың жағдайы жақсы, дәрігерлерге ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, қолхат жазып алып кеткен.

Жасөспірім 7 күн үйінде ата-анасының бақылауында болған.

"31 мамырда үйінде жүрген сәтте есінен тану, құрысу ұстамасы болғандықтан қайтадан ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қабылдау бөлімінде компьютерлік томаграфиямен бас миын тексеріп, инсульт белгілері бар екенін анықтаған. Комалық жағдайда жедел реанимация бөліміне жатқызылған. Жасөспірім 15 маусымда қайтыс болды",- делінген баспасөз мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу