Ақтауда екі ірі су құбыры жарылды

119

Бұл туралы жергілікті Lada басылымы жазды. 

Ақтауда екі ірі су құбыры жарылды Фото: бейнеден скриншот

28 сәуірге қараған түні және сол күні таңертең Ақтауда екі құбыр жарылды.

Біріншісі таңғы сағат 04:00 шамасында болды: 13-шағын аудандағы жолды су шайып жатыр. Ол жол бойында ондаған метрге жайылып, оны оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған.

"ҚЖСА" мемлекеттік кәсіпорны ауыз су құбырында жарылыс болғанын хабарлады. Оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір тұрғын үй сусыз отыр.

Екінші оқиға таңертең болды: Ақтау тұрғындары 1-шағын аудандағы құбыр жарылғанын айтып шағымданды.

Ақауды "ҚЖСА" МКҚК қызметкерлері жөндеп жатыр. Коммуналдық сала қызметкерлерінің айтуынша, ауыз суды бойынша ешқандай шектеу жоқ.

Коммуналдық компания екі жағдайға да тозған инженерлік желілер себеп болғанын айтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу