Ақтауда газ баллоны жарылысынан зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр

580

Көлік жөндеу орталығында газ баллонының жарылуынан зардап шеккендердің үшеуі де Өзбекстан азаматтары.  

Ақтауда газ баллоны жарылысынан зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр Фото: caspianlife.kz

"Қазіргі уақытта реанимацияда екі зардап шеккен адам өте ауыр жағдайда жатыр. Қабылдау кезінде оларда күйіктен шок алған күйде болды. Екеуі де аппаратқа қосылған. 35 және 19 жастағы зардап шеккендер тыныс алу жолдарының, беттің, мойынның, аяқтардың терең күйіктерін, арқа күйіктерін алды. Олар есін жиған жоқ. 1972 жылы туған үшінші пациент бөлімшеден ем алады, жағдайы тұрақты, беті мен аяқ-қолдары күйіп қалған", - дейді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының травматолог-ортопеді Самалбек Байболұлы.

Еске салайық, кеше Ақтауда көліктерге техникалық қызмет көрсету орталығында бірден алты газ баллоны жарылды. Оқыс оқиға барысында бір қызметкер әйел қайтыс болды, күйік шалған тағы үш ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу