Ақтауда пәтерінде жарылыс жасаған әскери қызметшіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

517

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 462-бабының 1-бөлігімен қарумен, айналасындағыларға қауіп төндіретін заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу дерегі бойынша жүргізілуде. 

Ақтауда пәтерінде жарылыс жасаған әскери қызметшіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды Фото: inbusiness.kz

3 желтоқсанда Ақтаудағы 27 шағынаудан, №46 үйде болған жарылыс фактісі бойынша Ақтау гарнизонының әскери полициясы айналысып жатыр.

"Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Тергеу мүддесіне орай ҚР ҚІЖК - нің 201-бабына сәйкес, басқа да ақпараттың егжей-тегжейі таратуға жатпайды", - деп атап өтті Ақтау гарнизонының Әскери прокуратурасы өкілдері.

Бұл бап бойынша абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, әскери мүлікті жоюға не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, айналасындағыларға аса қауіп төндіретін қарумен, оқ- дәрілермен, радиоактивті материалдармен, жарылғыш немесе өзге де заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу- 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарымен жазаланады 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 27 шағын аудандағы №46 тұрғын үйде жарылыс болып, әскери қызметшінің қолын білектен жұлып кеткен еді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу