Құқық қорғаушылардан қашпақ болған жүргізуші көшелерде қойылған арнайы кедергілерді бұзып өтіп, жүргіншілердің өміріне қауіп төндірген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оны тек жолға төселген арнайы шегесі бар жайма төсеніштің көмегімен тоқтатқан. Қолға түскен 35 жастағы ер адамның ішімдікке сылқия тойып алғаны белгілі болды.
Құжаттары болғанына қарамастан, ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан.
Жүк көлігінің жүргізушісі бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартылды:
- полицияның заңды талаптарына бағынбау;
- қауіпті маневр жасау;
- қарсы жолаққа шығу;
- медициналық куәландырудан бас тарту;
- жол белгілерін елемеу және апаттық жағдай тудыру.
Жүк көлігі айып тұрағына жіберіліп, материалдар сотқа жолданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу